![]() |
![]() |
Кубада әуесқойлар арасындағы бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Хулио Сезар ла Крусқа қастандық жасалды. Белгісіз біреулер 24 жастағы спортшыға ол Камагуэе қаласындағы спорт клубынан шығып келе жатқан кезде оқ атқан. Оқ боксшының сол жақ қабырғасын жарақаттаған. Қылмыскердің ұсталғаны және оның не себепті осындай қылмысқа барғаны жайлы ақпараттар әзірге жоқ. Ла Крус Кубадағы ең үздік боксшы санатында, ол 2011 және 2013 жылдардағы әлем чемпионы. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы Куба құрамасының белді мүшесі, деп жазады «Новые известия». |
Халықаралық футбол тарихы мен статистика ұйымы (IFFHS) жылдың ең үздік қақпашысын жариялады. Қорытынды бойынша, «Бавария» голкипері Мануэль Нойер өткен жылдың үздік қақпашысы атанды — 221 ұпай. Екінші орында Джанлуиджи Буффон (78), үздік үштікті «Челси» голкипері Петр Чех (64 ) қорытындылаған. ... Толықтай оқу» |
«Челси» сапында санаулы голдар салсада, маңызды голдарға пас жасап беретін Микел, Нигерия құрамасының негізгі ойыншысы есебінде Африка Кубогын бағындырды (2013 жыл). Африка құрлығындағы танымал футболшы Лондон қаласының клубының қатарында саусақпен санарлық голдарын салып жатыр. Ол голдары «Челси» командасына айтарлықтай нәтиже сыйлап жатқанында білеміз. Қара нәсілді Микел, Еуропа алаңында гол салмайтын футбол жұлдыздарының бірі. |
«Боруссия М» командасының 21 жасар қақпашысы Марк Андре Тер Штеген «Барселона» клубынмен төрт жылға келісім шарт жасаспақ. Клуб пен ойыншы арасындағы келісім биылғы жылдың жазынан бастап күшіне енеді. Естеріңізге сала кетейік, неміс қақпашысы жақында «Боруссия М» клубымен келісім шартты созудан бас тартқан. Ал «Барселона» басшылығы тер Штегенді Виктор Вальдестің ізбасары ретінде қабылдамақ. Вальдес жақында маусым соңында «Барселонадан» кететінін мәлімдеген. «Барселона» басшылығы 2015 жылы Мессиді де сатылымға шығармақ. |
Сәлем достар сайтқа материал салу үшін....
![]() Сайтқа материал салу үшін: 1)Материал қазақша болу керек 2)Материал өзіңіздің қолыңыздан шықса астыңғы жағына Дайындаған(Аты-жөніңіз) 3)Материалдарыңызды Кері байланысқа сала аласыз. 4)Немесе емайл почтасына сала аласыз. EMAIL:-n1_03@mail.ru 5)Ең көп материал салған адамға сыйлықтарымыз бар. 6)Қонақ кітапшасына материал сала аласыз. |
![]() |
![]() |
![]() |