Жаңа ғана Польша жерінде «Astana Arlans» дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы (WSB) бесінші кездесуін «Poland Hussars» командасымен өткізіп, қарсыластарына айқын басымдығын танытты.
Алғаш болып рингке көтерілген Мардан Берікбаев&nb
... Толықтай оқу»
Мадридтік «Реал» мен Португалия ұлттық құрамасының әйгілі футболшысы Криштиану Роналду 2013 жылдың үздік футболшысына берілетін мәртебелі жүлде «Алтын допты» иеленуі әбден мүмкін. Бұл туралы твиттердегі Barcastuff жеке парақшасы ақпарат таратып отыр.
Кубада әуесқойлар арасындағы бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Хулио Сезар ла Крусқа қастандық жасалды.
Белгісіз біреулер 24 жастағы спортшыға ол Камагуэе қаласындағы спорт клубынан шығып келе жатқан кезде оқ атқан. Оқ боксшының сол жақ қабырғасын жарақаттаған. Қылмыскердің ұсталғаны және оның не себепті осындай қылмысқа барғаны жайлы ақпараттар әзірге жоқ.
Ла Крус Кубадағы ең үздік боксшы санатында, ол 2011 және 2013 жылдардағы әлем чемпионы. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы Куба құрамасының белді мүшесі, деп жазады «Новые известия».
«Челси» сапында санаулы голдар салсада, маңызды голдарға пас жасап беретін Микел, Нигерия құрамасының негізгі ойыншысы есебінде Африка Кубогын бағындырды (2013 жыл). Африка құрлығындағы танымал футболшы Лондон қаласының клубының қатарында саусақпен санарлық голдарын салып жатыр. Ол голдары «Челси» командасына айтарлықтай нәтиже сыйлап жатқанында білеміз. Қара нәсілді Микел, Еуропа алаңында гол салмайтын футбол жұлдыздарының бірі. Микел тас қамал қорғаушы, пас беріп, ойынды ортада жүріп жақсы ұйымдастыратын футболшы. «Челси» командасының жанкүйерлерінің ықыласынан шығып жүр. Бастысы гол емес, команданың жетістігі екенін жақсы түсінетін микел әр кезде клбутың еңсесін тіктеп жүрді. «Челси» командасындағы нағыз үздіктердің бірі екенін жейдесының артындағы нөмірі де айтып тұр. Футболда бет-албаты ойыншыға «12» санды тапсыра бермейді. Микел лайық ойын көрсеткені үшін берілген үлкен құрмет деп қабылдаған дұрыс болар. Моуриньо келгелі бұл ойыншының ойнау үлгісі өзгеріп шыға келді. Ерекше жоспар құрушы Жозе клубтың әр
... Толықтай оқу»
«Боруссия М» командасының 21 жасар қақпашысы Марк Андре Тер Штеген «Барселона» клубынмен төрт жылға келісім шарт жасаспақ.
Клуб пен ойыншы арасындағы келісім биылғы жылдың жазынан бастап күшіне енеді. Естеріңізге сала кетейік, неміс қақпашысы жақында «Боруссия М» клубымен келісім шартты созудан бас тартқан. Ал «Барселона» басшылығы тер Штегенді Виктор Вальдестің ізбасары ретінде қабылдамақ. Вальдес жақында маусым соңында «Барселонадан» кететінін мәлімдеген.
«Барселона» басшылығы 2015 жылы Мессиді де сатылымға шығармақ.
Өтіп бара жатқан жыл өзінің қызықты да керемет кештерімен есте қалды. Дәл осы жылы футбол алаңынан талай саңлақ кетті. Солардың біршамасына тоқталып өтсек.Сіздерге 5 спортшыны айт кетсек.
1.2013 жылдың 19 мамыр күні «Манчестер Юнайтед» (Англия) футбол клубының әйгілі бас бапкері Сэр Алекс Фергюсон өзінің футболдағы қызметінен кетті. САФ командамен 26 жыл ішінде, 38 жүлде, 895 жеңіске қол жеткізіпті. «Қызыл сойқандар» Сэр Алекс баптаған жылы Әлемдегі үздік клубтардың бірі болды.
Бүкіләлемдік бокс сериясының қазіргі чемпиондары «Астана арландары» клубы биылғы маусымның алғашқы төрт жекпе-жегін өткізді. Сергей Корчинский баптайтын «арландарымыздың» әзірге аяқ-алысы жаман емес. Төрт жекпе-жекте 10 ұпайды қоржынға салған боксшыларымыз Кубаның былғары қолғап шеберлерін алға жіберіп, турнир кестесінде екінші орында келеді. Осыдан санаулы күн бұрын Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған турнирде «Астана арландары» командасы жеке ұжым ретінде қатысып, командалық есепте бас жүлдеге ие болды. Халықаралық жарыстан кейін клубтың бас директоры Болат Манкеновпен жолығып, Сарыарқа төрінде өткен турнир барысы мен клубтың алдағы жай-жоспарлары жайлы сұхбаттасқан едік.
Мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс маусым соңына дейін негізгі құрамға ілікпесе, командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы AS хабар таратып отыр.
«Корольдік клуб» бас бапкері Карло Анчелоттидің шешімі бойынша қақпашы Чемпиондар Лигасы мен Испания Кубогында команда қақпасын қорғайтын болған еді. Ал ... Толықтай оқу»