[Өнер.ucoz.net-Ақпарат сайты ]

Сәлем достар.Сіздер сайт ережесімен толықтай танысыңыз.

1.Сайтта боқтау болмайды.

2.Сайтта қазақша болған соң қазақша қылып жазамыз.

3.Қолданушылар бір-біріне тіл тигізуге болмайды.

4.Сайтта жарнама жазауға болмайды.

Қолданушылар

1. Әкімшілік өз қолданушыларын сайттың ең қымбат, ең құнды мазмұны деп біледі. Оларға шарасыздықтан жасалатын қудалау, шектеу, жазбаларын жою сияқты санкцияларды тек қана елдегі Заңдардың бұзылуын алдын алу деп ұғу керек. Егер жер бетінде тіпті шектеуі жоқ сайт ұстау мүмкіндігі бар болса, оны басқалардан бұрын ең алдымен біздер іздеп жүр деп түсініңіз. Сайтымыз өз қолданушыларынсыз ештеңеге де тұрмайды.


2. Сайт әкімшілігі қандай да бір жаза үшін шешімді біржақты қабылдайтынын ескертеді. Шешім қабылдау,оның негіздемесі - ешқандай пікірталас, дауысқа салу елегінен өтпейді, сайт әкімшілігімен өз бетінше қабылданады. Бірақ сондай жәйт туралы пост ашып, талқылауға әрдайым ашықпыз. "Бәленшені неге банға жібердіңдер?" деген тақырыптағы талқылау сайттағы салмақты қоғамдық пікірге айналса - әкімшілік өз әрекетін мейлінше түсіндіріп, қажет жағдайда - қатесін мойындап, кешірім сұрауға да әзір.

3. Әкімшілік қолданушыға сайттағы әрекеттерден және ақпараттардан тікелей немесе жанама келген (мысалы, сайттағы ақпаратқа сеніп әрекет ету) материалдық-моралдық зиянды өтемейді, және ондай сұрақтың туындауы да мүмкін емес деп есептейді.Біздер "әркімнің өз басы бар" деген ұстанымдамыз.

4.Сайт әкімшілігі қолданушылар арасында туындаған дауларға ресми орындарда куәлік етпейді, хаттама мен көшірмелер жасамайды және бермейді.

Тағы да ескерту: Шарасыздықтан жасалатын қудалау, шектеу, жазбаларын жою сияқты санкцияларды тек қана елдегі Заңдардың бұзылуын алдын алу деп ұғу керек. Нәзік келетін: саяси, діни, мемлекеттік құрылым, ар-ождан, рушылдық, нәсілшілдік,жүзге бөліну, жерлестік, балағат, боқтық, жыныстық кемсіту, т.с.с. жазбалар мен пікірлерде әкімшілік мейлінше сарказм мен шаржды, әзіл,әжуа, параллельдер, меңзеу мен аллюзияларды, т.с.с. әдеби тәсілдерді - шынайы мәлімдемелерден айыруға тырысып бағады, және олай жасауға орташа есеппен білім алған азаматтар ретінде өздерін өкілетті деп есептейді.