Өтіп бара жатқан жыл өзінің қызықты да керемет кештерімен есте қалды. Дәл осы жылы футбол алаңынан талай саңлақ кетті. Солардың біршамасына тоқталып өтсек.Сіздерге 5 спортшыны айт кетсек. 
1.2013 жылдың 19 мамыр күні «Манчестер Юнайтед» (Англия) футбол клубының әйгілі бас бапкері Сэр Алекс Фергюсон өзінің футболдағы қызметінен кетті. САФ командамен 26 жыл ішінде, 38 жүлде, 895 жеңіске қол жеткізіпті. «Қызыл сойқандар» Сэр Алекс баптаған жылы Әлемдегі үздік клубтардың бірі болды.  2.Давид Бекхэм өзінің соңғы ойынын Еуропада өткізді. Өзі таныс алаң, өзі көрген белестің үстінде спорттағы ғұмырын тоқтатты. «Реал», «Милан» сынды командалардың бойтұмарына айнала білген Бекхэмнің соңғы клубы «ПСЖ» клубы болды.
 3 «Манчестер Юнайтед» командасының ойыншысы Поул Скоулз екінші мәрте спортпен қоштасты. Алғашқысында қимастықтықтың әсерінен аладопқа қайта араласып кеткен болатын. Осы жолы жасы келген футболшы шынымен алаңның жиегіне шықты.
 4. Голландия құрамасының танымал футболшыларының бірі Марк ван Боммел футболдағы мансабын аяқтады. Әр елдің үздік командасында ойын көрсеткен футболшны енді тек алаң жиегінен көретін боламыз.
 5. «Ливерпуль» футбол клубының аңыз ойыншыларының бірі, тұрақты футбол көрсеткен Джейми Каррагерді енді «Энифлд» алаңында ойын көрсетпейді. Талай жыл Англия құрамасының қатарында тер төккен қорғаушы биылғы жылы өзінің аладоптағы ғұмырын аяқтады.
|