[Өнер.ucoz.net-Ақпарат сайты ]
Главная » 2014 » Қаңтар » 8 » Бокстан екі дүркін әлем чемпионына қастандық жасалды
14:08
Бокстан екі дүркін әлем чемпионына қастандық жасалды

0_newsdetailed_jpg

Кубада әуесқойлар арасындағы бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Хулио Сезар ла Крусқа қастандық жасалды.

Белгісіз біреулер 24 жастағы спортшыға ол Камагуэе қаласындағы спорт клубынан шығып келе жатқан кезде оқ атқан. Оқ боксшының сол жақ қабырғасын жарақаттаған. Қылмыскердің ұсталғаны және оның не себепті осындай қылмысқа барғаны жайлы ақпараттар әзірге жоқ.

Ла Крус Кубадағы ең үздік боксшы санатында, ол 2011 және 2013 жылдардағы әлем чемпионы. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы Куба құрамасының белді мүшесі, деп жазады «Новые известия».

Категория: Спорт | Просмотров: 583 | Добавил: Ерасыл | Теги: Куба, Хулио Сезар Ла Крус | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: