«Челси» сапында санаулы голдар салсада, маңызды голдарға пас жасап беретін Микел, Нигерия құрамасының негізгі ойыншысы есебінде Африка Кубогын бағындырды (2013 жыл). Африка құрлығындағы танымал футболшы Лондон қаласының клубының қатарында саусақпен санарлық голдарын салып жатыр. Ол голдары «Челси» командасына айтарлықтай нәтиже сыйлап жатқанында білеміз. Қара нәсілді Микел, Еуропа алаңында гол салмайтын футбол жұлдыздарының бірі.
 Микел тас қамал қорғаушы, пас беріп, ойынды ортада жүріп жақсы ұйымдастыратын футболшы. «Челси» командасының жанкүйерлерінің ықыласынан шығып жүр. Бастысы гол емес, команданың жетістігі екенін жақсы түсінетін микел әр кезде клбутың еңсесін тіктеп жүрді. «Челси» командасындағы нағыз үздіктердің бірі екенін жейдесының артындағы нөмірі де айтып тұр. Футболда бет-албаты ойыншыға «12» санды тапсыра бермейді. Микел лайық ойын көрсеткені үшін берілген үлкен құрмет деп қабылдаған дұрыс болар. Моуриньо келгелі бұл ойыншының ойнау үлгісі өзгеріп шыға келді. Ерекше жоспар құрушы Жозе клубтың әр ойыншысын әр қапталда сынап көріп жатыр. Микел бапкердің көңілінен, әріптестерінің сенімінен толық шықса керек, өткен ойында капитандық белдікті тағып «көк жейделілерді» бастап өзі шықты. Моуриньодың ойын алдындағы жоспар құру шеберлігіне тамсанып, Англиядағы үздік бапкер деп мәлімет таратқаны да содан болса керек.
 «Челси» сапында ұзақ жылдар ойын көрсеткендердің бірі Микел. Джон 2006 жылдан бері «көк жейделілердің» қатарында. Одан кейін келгендердің өзі клубтан кетті, ал Микел қалды. Терри, Лэмпард өз елінің (яғни «Челси», Англия) клубында тұрақты ойын көрсеткен ойыншы болса, Микел қазірде ойнап жүрген африкалық ұзақ мерзімде тұрақты ойын көрсеткен ойыншы болып есептелінеді (Эссьен бір жылын «Реалда» өткізді). Оның алдында Дрогба болатын. Микел аз гол салсада жанкүйерлері құрметтейді. Нигерия құрамасының қатарында жүріп Микел 51 ойын өткізіп, 4 гол салған. «Челси» футбол клубының қатарында 196 кездесуге қатысып, 4 гол салды. Ал, Норвегия елінің «Лин» футбол командасында 6 ойында, 1 гол салған. Әзірге Әлем чемпионатына Микелдің баратыны, бармайтыны шешілген жоқ. Бірақ қазіргі ойыны міндетті түрде Бразиля жеріне апаруға тиіс. Нигерия құрамасы «Ғ» тобында, Босния және Герцеговина, Иран және Аргентина құрамаларымен ойнайтын болады. Бұл Микел бастаған жігіттерге мүмкіндік. Аргентинаға есе жіберіп алдатын шығар, бірақ қалған екі құрама өзінің деңгейлестері. 
Микелдің жетістіктер: 2009-2010 жыл. Англия премьер-лигасы 2006-2007, 2008-2009, 2009-2010, 2011-2012 жылдар. Англия Кубогының иегерлері. 2006-2007 жыл. Лиганың Кубогын ұтып алды. 2011-2012 жыл. УЕФА Чемпиондар лигасы. 2012-2013 жыл. УЕФА Еуропа лигасы. 2013 жыл. Африка құрлығының чемпиондары. Микелдің жеке жетістігі: 2005, 2006 жылдар. Африка құрлығының ең жас үздік ойыншысы. 2007,2008 жылдар. «Челси» сапындағы ең үздік жыл футболшысы.
|